Маңғыстауда балықтан уланған 9 жастағы бала қайтыс болды

08.10.2026 15:09

Ол жансақтау бөлімінде көз жұмған

Маңғыстауда кептірілген балықтан уланған 9 жастағы бала қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Есте болса, осыдан екі апта бұрын бір отбасы үй жағдайында дайындалған тағамнан ұшынып қалған. Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы жеткіншектің ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылғанын хабарлаған. Дәрігерлер оған ботулизмге қарсы сарысу енгізіп, қажетті медициналық көмек көрсеткен. Баланың жағдайын тұрақтандыру үшін республикалық деңгейдегі реаниматологтар, инфекционистер және неврологтар да медициналық көмек көрсетуге тартылған.

Алайда жүргізілген емге қарамастан, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ол жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Мамандардың түсіндіруінше, ботулизм көбіне үй жағдайында дұрыс дайындалмаған консервілерді, сондай-ақ ысталған және тұздалған балық өнімдерін тұтынудан туындайды.¤

«Үй жағдайында балық дайындау өте қауіпті. Оның өз тәртібі бар. Балық өнімі арнайы технологиямен жасалуы керек. Үй жағдайында жасағанда да оны дұрыстап тұздап, жуу керек. Дөп басып айта алмаймын, менің пайымдауымша, қайтыс болған жеткіншек балықты тұтынғанда еттің нағыз уланған ошағын жеп қойған сияқты», – деді тәуелсіз эпидемиолог Әсима Жарылғасова.

Оқи отырыңыз: Президент Орталық Азия мен Әзербайжан ынтымақтастығының негізгі бағыттарын атады

Толық көрсету