Маңғыстауда бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсаған тұлғалар әкімшілік жазаға тартылды

81,4 млн теңгені құрайтын бюджет қаражаты үнемделді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстаулық прокурорлар 9 млрд теңге бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалуын тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Заңбұзушылықтар облыстың барлық аудан, қаласында анықталған. Мәселен, Ақтау әкімдігі әрқайсысы 6 млн 700 мың теңгеге бағаланған 12 киіз үй сатып алмақ болған. Ал олардың нарықтағы құны төрт есе арзан болып шықты. Қала көшелеріне жерасты қоқыс жәшіктерін орнату жобасына да тым жоғары баға қойылғаны белгілі болды. Нәтижесінде 34 жауапты тұлға әкімшілік жазаға тартылып, тағы жүзден аса адамға тәртіптік шара қолданылды.

«Ақтау қаласының жергілікті атқарушы органымен нәтижесінде, прокуратураның қадағалау актісімен аталған сатып алу күшін жойды. 81,4 млн теңгені құрайтын бюджет қаражаты үнемделді. Тауарлардың жоғары бағалануы, артық және қажеті жоқ тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алуды жоспарлау, сондай-ақ бюджеттік өтінімсіз негізсіз қаражаттың бөліну деректері анықталды», – деді Маңғыстау облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры Олжас Айтуар.

Оқи отырыңыз: Түрмедегі тапсырыс: Тыйым салынған заттар колонияға келген жүк көлігінен табылды

Новости партнеров