Маңғыстауда психиатриялық ауруханаға түскен сарбаз мерзімді қызметтен босатылды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тиісті органдар тергеу жүргізіп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстауда мерзімді әскери борышын өтеп жүрген сарбаз психиатриялық ауруханаға түскен соң денсаулығына байланысты запастағы қызметкер ретінде босатылды. Бұл туралы Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, сарбаз әскери бөлімге психикалық жай-күйіне қатысты шағымданып жүгінген. Ол медициналық тексеріске жіберіліп, дәрігерлер оның әрі қарай әскери қызмет атқаруға жарамсыз екенін анықтаған. Сол себепті ол денсаулығына байланысты қызметтен босатылған.

Алайда жас жігіт өзіне қатысты әскерде заңсыз әрекеттер болғанын мәлімдеп, арыз жазған. Бұл деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тиісті органдар тергеу жүргізіп жатыр. Қорғаныс министрлігі жағдай бақылауда екенін хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында 18 жастағы сарбаз әскерде жүріп психиатриялық ауруханаға түскені туралы хабарланған болатын. Туыстары мұны әлімжеттікпен байланыстырады. Оқиғаға қатысты Құрлық әскері басшылары түсініктеме берген еді.

Оқи отырыңыз: Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуыл: Қазақстан наразылық білдірді

Новости партнеров