Референдумға дейін:
12
күн
5
сағат
58
минут

Маңғыстаудағы Қаракөлге қоқиқаздар ұшып келді

Almaty.tv
Almaty.tv

Қаракөлге Қазақстандағы құс атаулының 300-дей түрі ұшып келеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстаудағы Қаракөлге қоқиқаздар ұшып келді. Күз бен көктемде айдын бетін қызғылт түске бояйтын сұлу қоқиқаздар биыл Ақтауға ертерек қонған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаракөл-жасанды су айдыны болса да, жүздеген құсқа пана болған табиғи мекен. Көктем мен күзде алыс сапардан шаршаған қоқиқаздар осы көлге аялдап, тыныстап, қорек табады.

 «Көл құстарының маңызды аялдамасы болып саналады. Бұл жерде құстың 300 ден астам түрі кездеседі. Соның ішінде ҚР Республикасының Қызыл кітабына енген  қоқиқаз бар. Оның мойны,аяғы ұзын, имек тұмсықты. Шаян, балдыр,т.б көл жәндіктерімен қоректенеді», – деді Үстірт табиғи-мемлекеттік қорығы директорының орынбасары Қалдыбай Мамаев.

Балдыр мен ұсақ шаян тәрізділерге бай Қаракөл – Ираннан ұшып келетін қоқиқаздардың аялдамасы. Биыл Ақтаудағы айдынға құстар әдеттегіден ертелеу қонды. Қазір олар 24 сағат бойы арнайы мамандардың бақылауында. Алғашқы миграцияда 2 мыңнан астам қоқиқаз бар. Қанаттылар тынығып болған соң Солтүстік Қорғалжыңға ұшып кетеді. Қаракөлде құстарды қызықтап көретін жағдай жасалмаған. Жақын жерден тамашалау мүмкін емес. Қоғам белсендісі Азамат Сәрсенбаев туристерді тарту үшін де құстарды көру алаңы жасауды ұсынды.

«Туризмді дамыту үшін Қаракөлге құстарды көретін алаң керек. Табиғатта тыныш жерде отырып, фламинго, аққулар, үйректердің дауысын естіп, тынығатын алаң болады деп ойлаймын.  Маңғыстауда өте жақсы болар еді. Туризмді дамытуға, бір жағынан Ақтауға елдер осы жерге бола ат басын бұратын еді», – деді қоғам белсендісі Азамат Сәрсенбаев

Қаракөлге Қазақстандағы құс атаулының 300-дей түрі ұшып келеді. Оның ішінде маусымдық және тұрақты түрде шамамен 80-нен аса құс түрі тіркеледі. Ал соның 21-і  Қазақстанның және ТМД елдерінің Қызыл кітабына енген.

Оқи отырыңыз: Медеу ауданында "Алғыс" қабырғасы орнатылды

Новости партнеров