Марат Қарабаев ҚР Көлік министрі лауазымынан босатылды

08.06.2025 14:18

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

primeminister.kz

Марат Қарабаев ҚР Көлік министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Марат Қарабаев 2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап ҚР Көлік министрі болып тағайындалған болатын.

2025 жылдың 14 мамырында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері жөніндегі отырысында Марат Қарабаевқа жұмыс барысында жіберген кемшіліктері үшін сөгіс жариялаған болатын.

Оқи отырыңыз: Президент Жарлығы: жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды