Медиация институтына 15 жыл: Алматыда сарапшылар бас қосты

Кездесу соңында мамандар өзге елдегі медиация ұйымдарымен кәсіби серіктестік орнату жолдарын айқындап, алдағы жоспарын бекітті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бітімгершілік дәстүрі – қазақ қазақ мәдениетіні бір бөлігі. Бүгінде ресми түрде жұмыс істейтін Медиация институтына 15 жыл, деп хабарлайды  Аlmaty.tv.

Алматыда ауқымды жиын өтіп, оған 50-ге жуық кәсіби медиатор, заңгерлер, этномәдени бірлестік өкілдері, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қатысты. Дөңгелек үстел қатысушылары еліміздегі медиация институтының соңғы 15 жылдағы даму кезеңдерін саралап, ата-бабалардан мирас болған бітімгершілік дәстүрінің бүгінгі бірлікті сақтауға қосып жатқан үлесіне тоқталды. Кездесу соңында мамандар өзге елдегі медиация ұйымдарымен кәсіби серіктестік орнату жолдарын айқындап, алдағы жоспарын бекітті.

«2012 жылы медиация заңы қабылданғаннан 1 жылдан кейін, егер сотқа түскен істердің 0.01% ғана медиациямен тоқтатылып жатса,  қазір 3-7%-ға дейін даулар, сотқа түскен даулардың өзі медиацияның, медиатордың қатысуымен шешімін тауып отыр», – деді  «Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ басшысы Жанділда Жақыпов.

Оқи отырыңыз: Абай облысында су тарифін заңсыз көтерген кәсіпорын жауапқа тартылды