«Шәмші Қалдаяқов» медалі тағайындалады

16.08.2026 11:06

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды

Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды.

— Мәдениет пен өнер — ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Сондықтан жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілді. Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады, — деп хабарлады ол.

Бұл мәртебелі марапаттар ұлт мәдениетіне қалтқысыз қызмет етіп, соның ішінде музыка және бейнелеу өнерін дамытуға сүбелі үлес қосқан азаматтарға берілетіні хабарланды.

Оқи отырыңыз: Бүгін қазақ даласын әнімен тербеткен Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды

Толық көрсету