Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, кәмелет жасына толмаған 2 бала жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Апат Медеу ауданындағы Нұрлан Қаппаров көшесінде болған. Қазір аталған аймақта төтеншеліктер жұмыс істеп жатыр. Жауапты мамандар зардап шеккендердің дәрігер бақылауында екенін айтады. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс табиғи газдың шығуы себеп болуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Мобильді аударымдар: халыққа 26,9 мың салық хабарламасы жіберілген