Медеу ауданының 90 жылдығында әйелдер марапатталды

04.03.2026 18:10

Марапат мінберіне бір саланың өкілдері ғана емес, қоғамның барлық бағытында еңбек етіп жүрген жандар көтерілді

Алматының Медеу ауданы үшін айтулы күн. Ауданның 90 жылдығымен тұспа-тұс келген Халықаралық әйелдер күніне орай «Әр салада – әйел, әр әйелде – әлем!» атты іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Бұл – жай мереке емес. Бұл – қоғам дамуына үлес қосып жүрген әйелдердің еңбегіне деген құрмет. Салтанатты жиында аудан әкімі нәзік жандыларды 8 наурыз мерекесімен құттықтап, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

«Медеу ауданы – Алматы қаласының жүрегі, тарихи және туристік орталығы. Ауданымызға 90 жыл толып отыр. Осы жылдарда қызмет етіп жатқан, 90 мамандықтың иесін, өыз-келіншектерді  8 наурыз -  халықаралық әйелдер күніне орай құттықтауға шақырдық. Аудан әкімінің алғыс хатын табыстаймыз», – деді Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаев.

 Айта кетейік, марапат мінберіне бір саланың өкілдері ғана емес, қоғамның барлық бағытында еңбек етіп жүрген жандар көтерілді.

Олардың арасында 30–40 жыл бойы үздіксіз еңбек етіп, кәсібіне адалдық танытқан жандар бар.

«Әйел дегеніміз – даналық пен сабырлықтың, нәзіктіктің, сұлулықтың символы деп білемін. Әрқашанда сұлу, әдемі және жаныңыз тыныш болсын! Мақсатым – әйелдерді одан әрі сұлу ету», – деді  отандық брендінің негізін қалаушы Назым Карпикова.

Оқи отырыңыз: Қазақстан киносының күндері ауылдан басталды