Мегаполистегі мекемелер ерекше қажеттілігі бар жандарға қаншалықты бейімделген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мүгедектігі бар азаматтар үшін әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі әлі де өзекті мәселе болып отыр. Жыл басынан бері осы бағытта 30-дан астам тексеру жүргізіліп, 100-ден аса заңбұзушылық анықталған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Атап айтқанда, бірқатар мекемеде пандус, тактильді құралдар мен арнайы санитарлық тораптар қарастырылмаған. Сондай-ақ қозғалысқа кедергі келтіретін инфрақұрылымдық кемшіліктер де анықталған. Нәтижесінде жауапты тұлғаларға 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Қаладағы әлеуметтік нысандар ерекше қажеттілігі бар жандарға қаншалықты бейімделген? Талапты орындамаған мекемелерге қандай шара қолданылады? Ал қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары қалай жүріп жатыр? Осы және өзге де сауалдарға Алматы қаласы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы Мұрат Мұратбеков жауап береді.

 

Новости партнеров