Мейірім ноталары: Алматыда қайырымдылық кеші өтті

Іс-шараның мақсаты – оңалту орталығындағы ауру балалардың дәрі-дәрмегіне қаржылай көмек ұсыну

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Ыбырай Алтынсарин атындағы № 159 гимназияда қайырымдылық ән кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Белгілі эстрада жұлдыздарының қатысуымен ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – оңалту орталығындағы ауру балалардың дәрі-дәрмегіне қаржылай көмек ұсыну. Игі іс білім алушылардың ниет білдіруімен жүзеге асқан.

"Ата-аналарымыздың, білім алушыларымыздың, ұстаздарымыздың қатысуымен қайырымдылық іс-шараны өткізіп жатырмыз. Бұл іс-шараның  мақсаты – білім алушы ұрпақтартың бойында адамгершілік құндылықтарды, айналасындағы адамдарға деген қамқорлығын көрсете білуге үйрету", – деді Ы. Алтынсарин атындағы № 159 мектеп-гимназиясының директоры Эльмира Бидайбекова.

Оқи отырыңыз: Алматыда оқушыларды тегін тамақтандыруға бөлінетін қаржы көлемі ұлғаяды

Новости партнеров