Мейрамбек Бесбаевтың қызына қандай есім таңдалғаны белгілі болды

02.10.2024 в 20:04

Сәбидің есімін әншінің үлкен қызы таңдағаны айтылды

 

Фото: instagram.com/m_besbaev

Мейрамбек Бесбаевтың қызына қандай ат қойғаны белгілі болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Күні кеше жаңа туған сәбиін перзентханадан дүркіретіп шығарып алған әнші Мейрамбек Бесбаев қызын Айзия деп атаған. Бұл туралы МузАРТ тобының әншісі Сәкен Майғазиев айтты.

«Қызымыздың атын сұрап жатқан жандарға арналады. Кәусар қызымыз кішкентай бүлдіршінді Айзия деп атады», - деді әнші.

Айта кетейік, жақында ғана Мейрамбек Бесбаевтың үшінші сәбиі дүниеге келген болатын.

Оқи отырыңыз: Жаңа маусым: Almaty TV-де «Ақбесік» телехикаясы эфирге шығады