Мейрамханадағы атыс: бір адам жарақат алды
Күдікті бірден ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыдағы мейрамханалардың бірінде атыс болып, бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Түнгі уақытта Алатау ауданындағы тамақтану орнында екі таныстың отырысы ұрысқа ұласқан. Ер кісінің бірі травматикалық қару қолданып, жолдасының аяғына оқ атқан екен. Күдікті бірден ұсталды. Полиция бұл дерек бойынша тергеу бастады.
«Травматикалық қаруды қолдану дерегі бойынша Алатау аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жетісу облысының тумасы, 35 жастағы күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Травматикалық қару тәркіленді», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Оқи отырыңыз: Ұшақ апаты: Қызылордада жоғалғандар далалық аумақтан табылған
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
11.11.2026 13:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
11.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
11.11.2026 18:53
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Елордадағы қайғылы оқиға: көз жұмған қыздың бірі күзде көшіп келген
10.11.2026 19:11