Мейрамбек Беспаев әнші Еркеш Хасенге су жаңа көлік сыйлады

09.04.2026 15:53

Бұл әрекет желі қолданушылары тарапынан жылы қабылданып, көпшіліктің ризашылығын тудырды

Фото жеке парақшасынан алынды

Қазақстандық танымал әнші Мейрамбек Беспаев өнердегі інісі, әнші Еркеш Хасенге автокөлік сыйлап, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Еркеш Хасеннің айтуынша, жоба аясында өнер көрсетіп болған соң, Мейрамбек Беспаев оның үйіне қалай қайтатынын сұраған.

«Бағдарламаға қатысып, әнімді орындап шықтым. Кейін Мейрамбек ағамызбен бірге мерекелік іс-шараға барып, ән айттық. Сол кезде ол “үйге қайтатын көлігің бар ма?” деп сұрады. Мен такси шақырып қойғанымды айттым. Әңгіме сол жерде аяқталды. Бірақ келесі күні ол бұл тақырыпты қайта қозғады», – дейді Еркеш.

Оның сөзінше, бағдарлама аяқталғаннан кейін әнші оған ерекше ұсыныс жасаған.

«Маған “көлігім жоқ” деген сөзің жүрегіме тиді. Картаңның нөмірін қалдыр, жақын күндері сыйымды жіберемін. Өзіңе ыңғайлы көлік ал” деді. Бұл мен үшін үлкен құрмет болды. Аллаға шүкір, бүгін Мейрамбек Беспаев ағам көлік алып берді», – деп бөлісті жас өнерпаз.

Бұл әрекет желі қолданушылары тарапынан жылы қабылданып, көпшіліктің ризашылығын тудырды.

Оқи отырыңыз: ҚТЖ паркі заманауи локомотивтермен толықты