Мектеп бітіру кеші дарақылық додасына айналып барады - депутат

Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Мектеп бітіру кеші дарақылық додасына айналып барады". Депутат Асхат Аймағамбетов түлектер кешіне қатысты пікір білдіріді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Сөзінше, бір кеш үшін 200 мың, 500 мың, тіпті миллион теңгеге дейін ақша жұмсау – үлкен мәселе. Өйткені, бір сыныпта әлеуметтік жағдайы әртүрлі отбасылардың балалары оқиды. Қалтасы көтермесе де, көпшіліктен қалмау үшін кейбірі амалсыз келісуге мәжбүр. Мәжілісмен «ең қауіптісі – жасөспірімдердің психологиялық күйі» дейді. Бұл жаста олар қоғам пікірін өте ауыр қабылдайды деген халық қалаулысы бітіру кешінің басты мәні сән-салтанатта емес, мектеппен қоштасу мен естелікте болуы керек екенін айтты.

«Мен ақылға қонымды тәсілді қолдаймын. Бірақ бір кеш үшін миллион теңге, 500 мың теңге жинап, артық шығын жасау дұрыс емес. Өйткені бір сыныпта әлеуметтік жағдайы әртүрлі отбасы балалары оқиды. Олар амалсыздан соған бейімделуге мәжбүр болады. Тіпті жуырда осындай мәселе туралы хат келді. Балалар – өте сезімтал жаста. Кейбірі осындай қысымның салдарынан суицид туралы ойлайтынын да айтқан», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мектептері 2025–2026 оқу жылын қалай аяқтап жатыр

Новости партнеров