Мектеп директорлары енді 2 оқу жылына ғана тағайындалуы мүмкін

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Бұл ұсынысты жақын арада ресми бұйрық ретінде бекіту жоспарланып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова желідегі парақшасында мектеп директорларын тағайындау тәртібі туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Министрдің айтуынша, мектеп директорлары бастапқыда 2 оқу жылына тағайындалуы тиіс, ал егер олардың жұмысы нәтижелі болса, мерзімді тағы 2 жылға ұзартуға болады. Дегенмен жалпы ұзақтығы 4 оқу жылынан аспауы керек. Бұл ұсынысты жақын арада ресми бұйрық ретінде бекіту жоспарланып отыр.

"Менің позициям бойынша директор бастапқыда екі оқу жылына тағайындалуы керек. Кейін оның жұмысы тиімді болса, яғни білім сапасы артса, балалардың оқу көрсеткіштері жақсарса, қауіпсіздік пен мұғалімдердің біліктілігі көтерілсе, қызмет мерзімін тағы екі жылға ұзартуға болады", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Сондай-ақ министр мұғалімдер тарапынан директорлардың кейде озбырлық көрсететіні туралы шағымдар түскенін атап өтті.

"Директор оқу процесін ұйымдастырушы ғана емес, сонымен қатар өзгелерге үлгі болатын, білікті ұстаз болуы тиіс", – деп мәлімдеді министр.

Оқи отырыңыз: Былтыр Қазақстанда 162 жаңа мектеп салынды

Новости партнеров