Оқу жылы аясында 7 негізгі бағыт бойынша кешенді жұмыстар атқарылды
Алматыда «Мектепке арналған мектеп» жобасының пилоттық кезеңі қорытындыланды. Алматы Білім басқармасы мен «EDU Stream» академиясы қолдау білдірген бұл бастама саладағы теңгерімсіздікті жоюға бағытталған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бір оқу жылы аясында 7 негізгі бағыт бойынша кешенді жұмыстар атқарылды. Басқарушы персонал мен ұстаздар құрамына арналған коучингтер ұйымдастырылып, жүзден астам мұғалім жасанды интеллект құралдарын меңгерді. Сонымен қатар оқушылармен және ата-аналармен тығыз жұмыс жүргізіліп, болашақ мамандықты таңдауда қолдау көрсетілді. Ұжымдағы қарым-қатынасты нығайтып, білім сапасын халықаралық стандартқа жақындатқан бұл тәжірибені сарапшылар қаланың өзге мектептеріне де енгізуді ұсынып отыр
«Жобаның басты идеясы – тартымды қалалық мектептер мен стандартты білім ошақтары арасындағы алшақтықты азайту. Осы мақсатта ұстаздардың біліктілігін арттыруға отандық және халықаралық сарапшылар бірлесе атсалысты. Ал мектеп оқушыларымен жұмыс істеу бағытына ЮНЕСКО клубтарының федерациясы белсенді түрде тартылды», – деді «Edu Stream» халықаралық компаниялар тобының бас директоры Наталья Мұхамеджанова.
«Бұл – жалпы білім беретін мектептер үшін үлкен мүмкіндік. Себебі мемлекет аралық, қалалық семинарлар, жобалар, вебинарлар, кездесулер болды. Оқушылардың, мұғалімдердің қызығушылығын арттырды. Ағылшын тілінен жетік меңгеру тақырыбына басымдылық беріліп, апталықта қонақтар келді, оқушыларымыз ынтасы артты», – деді № 171 жалпы білім беретін мектеп директорының орынбасары Ақбөпе Сыздықбаева.
Оқи отырыңыз: Алматы хайуанаттар бағында ақбөкендер лақтады