Алматының білім басқармасы қаладағы 10 мыңнан аса жас өреннің көмек алып үлгергенін жеткізді
Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Биыл оқушылардың киімі айтарлықтай қымбаттаған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мектеп формасының құны шамамен 10, ал аяқ киім 13 пайызға дейін қымбаттаған, деп хабарлайды Almaty.tv
Алматылықтар жиі келетін сауда орталығының бірінде 1 баланың оқуына қажетті киім-кешек пен құрал-жабдықтарды есептеп көрейік. Ұл баланың жейдесі 6 мың теңге, ал шалбар мен костюмның бағасы 30 мың теңге. Аяқ киім, дәптер, қалам, сөмкесі 30 мың теңгеден 30 мыңнан асады.
Есебімізге тағы спорттық киім, аяқ киім, галстук сияқты дүниелерді қоссақ, баға 100 мыңға жуықтайды.
БЛИЦ:
«Былтыр бір балаға 150 мың теңге жұмысадық. Кеңсе тауарлары, сумка, костюм шалбар, спор киіміне 150 мың теңге кеткен. Биыл екі есеге көбейтіп тұрмын».
«Биыл баға қымбаттаған. Аяқ киімнің бағасы 35 мың теңге, шалбар 14 мың. Жейдесі 8500-9000 теіге болды»
«Екі балаға 150 мың теңге жұмсалады. Биыл баға қымбаттаған»
Мектеп формасының қымбаттағанын сатушылар да жасырмайды. Олардың айтуыншв, бұл – жылда қайталатын жағдай.
«Биыл баға өсті, 8 мың теңгеік жейдені биыл 9 мың теңгеге саттық. Бірақ сұраныс бар. Бастауыш сынып оқушыларына шамамен 50 мың, ал жасөспірімдерге 55-60 мың теңге кетеді», – деді сатушы Қырмызы Құмыртай.
Айта кету керек, елімізде жаңа оқу жылына қарсы «Мектепке жол» акциясы өтеді. Дүкен мен базардағы бағаны қалтасы көтермейтін әлеуметтік осал топтағы жандар мен көпбалалы отбасылардың балаларына тегін форма беріледі. Алматының білім басқармасы қаладағы 10 мыңнан аса жас өреннің көмек алып үлгергенін жеткізді.
Диана Тұрлыбек, Ернат Болатбек
Оқи отырыңыз: Елімізде 1700 ауыл мектебі Starlink интернетін қолданып отыр