Мектепке жол: Алматыда оқуға қажетті кеңсе тауарлары таратылды

Almaty.tv
Almaty.tv

Акцияның өтуіне Достық үйі жанындағы Аналар кеңесі ұйытқы болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда аз қамтылған, көпбалалы және әлеуметтік осал отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларға оқуға қажетті кеңсе тауарлары таратылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясының өтуіне қалалық Достық үйі жанындағы Аналар кеңесі ұйытқы болған. Іс-шараның мақсаты – оқу жылына дайындық кезінде барлық балаларға тең мүмкіндік жасау және оларды қажетті мектеп құралдарымен қамтамасыз ету. Игі бастама аясында 30 балаға кеңсе тауарларымен жабдықталған сөмкелер табысталды.

«Бүгін білім күні қарсаңында бас қосып отырмыз. Жыл сайынғы дәстүріміз бойынша «Мектепке жол» акциясы аясында балаларымызды қуантқымыз келеді. Бұл –парызымыз деп ойлаймын. Өйткені баланың бөтені болмайды. Әр бала бақытты болуға лайықты. Бүгін 30 балаға сыйлық жасадық. Игі дәстүрді алда да жалғастырамыз», – деді Алматы қаласы ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрағасы Зүлфия Хусеинова.

Оқи отырыңыз: 1 қыркүйектен бастап 2-4-сынып оқушылары жаңа тәсілмен бағаланады