Қызылордада мектептеріне тексеру комиссиясы аудит жүргізді
Қызылордадағы мектептерде бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау мен пайдалану деректері тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Облыс бойынша тексеру комиссиясы аудит жүргізіп, нәтижесінде 8 млрд теңгеге жуық жалпы бұзушылықтар мен кемшіліктерді анықтаған. Қаржыны қисынсыз жұмсап, есепті негізсіз жүргізген директорлар мен есепшілері заңсыз әрекеттерін тексеру комиссиясына түсіндірді. Кейбірі кемшіліктің білместіктен болғанын айтса, енді бірі есеп үшін заңсыздыққа көз жұма қараған. Жиі қайталанатын кемшіліктер қатарында іссапар шығынына артық төлем жасау, еңбекақы мен үстемақыны негізсіз аудару, мемлекеттік сатып алу заңдылығын орындамау сияқты деректер бар.
Тіпті оқушылар онлайн сабақ оқыған күндері де ыстық тамақпен қамтуға қаржы аударылған.
«Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 111 аудит материалы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және қарауға уәкілетті органдарға жолданды. Анықталған бұзушылықтар еңбек заңдылығын сақтамай қызметкерлерге еңбекақыны мен үстемеақыларды артық негізсіз аударылып берілуінен, іссапар шығындарын артық төлеуден, мемлекеттік сатып алу заңдылығын толық орындалмауына байланысты орын алған», - деді Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Сәкен Қармыс.
Оқи отырыңыз: Халықаралық іздеуде жүрген атыраулық хакер ұсталды