Халықаралық іздеуде жүрген атыраулық хакер ұсталды

Ол алаяқтықтың бірнеше эпизоды бойынша күдікке ілінген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Халықаралық іздеуде жүрген атыраулық хакер ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оны полиция  Түркияның Самсун қаласында қолға түсірген. Қазір Қазақстанның Бас прокуратурасы ер адамды елге экстрадициялау үшін құжаттарды дайындап жатыр. Белгілі болғандай, ол алаяқтықтың бірнеше эпизоды бойынша күдікке ілінген.

Нақтырақ айтсақ, адамдарға инвестиция, IT-оқыту, аккаунттарды бұғаттан шығару және ақшаны шығарып алуға көмектесу секілді түрлі қызмет ұсынған. Алдын ала мәлімет бойынша, келтірілген жалпы шығын 13 миллион теңгеден асады.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, көзделген алаяқтық іс фактілері бойынша бірнеше қылмыстық іс тергелуде. Барлық эпизод бойынша әлеуметтік желіде «хакер Атырау» атауымен танылған облыстың 32 жастағы тұрғыны күдікті ретінде анықталды. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес күдіктінің Қызылқоға ауданында болған Қарабалиндер отбасының өлімі фактісіне ешқандай қатыстылығы жоқ», - деді Атырау облысы прокурорының көмекшісі Жандар Болатбек.

Оқи отырыңыз: Атырауда қатарласы пышақтаған оқушы ауруханаға жеткізілді

Новости партнеров