Мектептегі тамақтану жүйесін цифрландыру қаржыны 30%-ға үнемдеуге мүмкіндік берген

26.12.2025 19:59

eGov Mobile қосымшасының пайдаланушылары 6,4 миллионға дейін артты

Аlmaty.tv

 

Қазақстан GovTech бағытын және цифрлық мемлекеттік қызметтерді дәйекті түрде дамытып келеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкіметтің бір жылдағы қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Вице-премьер жаңартылған eGov Mobile қосымшасы ай сайынғы аудиторияны бір жыл бұрынғы 4,2 миллион пайдаланушымен салыстырғанда 6,4 миллион пайдаланушыға дейін арттырғанын атап өтті.

EGov Business платформасы іске қосылды, ол арқылы бір жылда 4,6 млн қызмет көрсетілді.

«Іс жүзінде экономикалық тұрғыда тиімділігін көрсетіп отырған «Әлеуметтік әмиян» елеулі түрде дамуда. Мектептегі тамақтану жүйесіне 6,7 мың мектеп қатысады, 49 млн тегін түскі ас беріледі, бұл ретте өңірлерде бюджет қаражатын үнемдеу 15%-дан 30%-ға түсті. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласында жүйе 700-ден астам мемлекеттік дәріхана мен 13 млн рецептіні қамтыды», — деп толықтырды Жаслан Мәдиев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның IT-экспортының көлемі 1 млрд долларды құрады