Мектептер мен ауруханалар 1 қыркүйекке дейін жылыту маусымына дайын болуы тиіс – Бектенов

25.08.2026 13:10

Премьер-министр өзінің бірінші орынбасарына жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды

Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов білім беру және денсаулық сақтау нысандарының алдағы жылыту маусымына толық дайын болуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымның дайындығын қатаң бақылауды тапсырды,  деп хабарлайды Almaty.tv Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

«Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, өңір әкімдіктері 1 қыркүйекке дейін білім беру және денсаулық сақтау нысандарының толық дайындығын қамтамасыз етсін. Оқу-ағарту, Ғылым және Денсаулық сақтау министрліктері де бұл мәселені бақылауға алсын. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлер бойынша барлық инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары 15 қыркүйекке дейін, ал қалған өңірлер 15 қазанға дейін жылуды іске қосуға толық дайын болуға тиіс», – деді Бектенов.

Премьер-министр өзінің бірінші орынбасарына жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

«Менің тапсырмам бойынша премьер-министрдің бірінші орынбасары өңірлерді аралап, оның ішінде жылыту маусымына дайындық барысын да тексеріп келді. Нұрлыбек Машбекұлы, бұл мәселені қатаң бақылауда ұстап, әр апта сайын өңірлердегі жағдай туралы маған баяндап тұрыңыз», – деп тапсырды Олжас Бектенов.

Оқи отырыңыз: Жылыту маусымы басталғанға дейін бір айға жуық уақыт қалды: облыс әкімдеріне қандай міндеттер жүктелді

Толық көрсету