Мемлекет баспана мен автокөлік ақысын бөліп төлеу нарығын өз бақылауына алмақшы

22.10.2025 15:20

Тұтынушылардың құқығын қорғау үшін аталған қаржылық қызметтерді реттеу шаралары енгізіледі

Depositphotos

 Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжілістің жалпы отырысында бөліп төлеу нарығын реттеу тәсілдері әзірленіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Үкіметпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге бөліп төлеулерді және BNPL-сервистер нарығын реттеу тәсілдері әзірленіп жатыр. Өздеріңіз білетіндей, банктерде бөліп төлеу құралдары реттелген. Ал банктен тыс бөліп төлеу жүйелері, мысалы, құрылыс компаниялары мен автодиллерлердің өнімдерін бөліп төлеу реттелмеген. Тұтынушылардың құқығын қорғау үшін аталған қаржылық қызметтерді реттеу шаралары енгізіледі", — деді Тимур Сүлейменов.

Оқи отырыңыз: Тегін ыстық тамақпен қанша оқушы қамтылды