Мемлекет басшысы Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан сарбаздарға құрмет көрсетті

09.05.2025 12:51

Салтанатпен сап түзеген қазақстандық 80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді

Ақорда

Мемлекет басшысы Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әскери шеруге Қазақстан Республикасынан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-ші бригадасының жауынгерлері қатысты.

Салтанатпен сап түзеген қазақстандық 80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді.

Оқи отырыңыз: Отандастарымыздың қайтпас қайсарлығы мен қажырлы еңбегін ешқашан ұмытпаймыз - Мемлекет басшысы