Мемлекет басшысы Үндістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

12.06.2025 16:34

Соңғы мәліметтер сәйкес, ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 133-ке жеткен

Видеодан кадр

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

"Қазақстан Президенті әуе апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақындарын сабырға шақырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді" - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Үндістанда ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 133-ке жетті