Үндістанда ұшақ апатынан 242 адам қаза тапты

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Бортта 242 адам, оның ішінде 11 бала болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үндістанда Air India ұшағы апатқа ұшырап, онда болған 242 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ахмедабад қаласынан Лондонға бағыт алған әуе кемесі әуежай маңына құлаған. Куәгерлердің айтуынша, ұшақ медициналық колледж ғимаратына соғылыпты. Boeing 787-8 әуе кемесі 2014 жылы Air India паркіне қосылған. Бұл – Dreamliner компаниясының тарихындағы алғашқы әуе апаты.

Ұшақ бортында 169 Үндістан азаматы, 53 ұлыбританиялықтар, сондай-ақ Португалиядан 7, Канададан 1 жолаушы болған. Қазір апаттың нақты себептері анықталып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Әуе қауіпсіздігіне жауапты органдар барлық нұсқаларды жіті зерттеуде. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Оқи отырыңыз: Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, тұрғын үйлердің үстіне құлады

Новости партнеров