Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты

27.06.2025 16:28

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады

Ақорда

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің мемлекеттер басшылары Тәуелсіздік сарайында шағын құрамда бас қосып, экономикалық интеграцияны одан әрі дамыту перспективасын талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жиынға Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян (бейнебайланыс арқылы), Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин қатысты. 

Оқи отырыңыз: Алматыда үстел теннисінен командалық чемпионаттың екінші кезеңі өтуде