Мемлекет басшысы Атырау облысының әкіміне өңірді дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді

Ақорда
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және алдағы кезеңге арналған басым міндеттер туралы баяндалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдады, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және алдағы кезеңге арналған басым міндеттер туралы баяндалды.

Президентке облыстағы ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы, мұнай-газ химиясы саласының дамуы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жөнінде есеп берілді.

Кездесуде экономиканы әртараптандыру, инженерлік желілерді жаңғырту, көлік инфрақұрылымын жетілдіру, экологиялық ахуалды оңалту және республикалық деңгейде қолдауды қажет ететін жобаларды іске асыру мәселелеріне айрықша назар аударылды.

Мемлекет басшысы Атырау өңірінің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады