Мемлекет басшысы Иран президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

11.02.2026 10:55

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианды Иранның төл мерекесі – Ислам Революциясы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді", - делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иран халқына құт-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда тұрғын үй нарығында жасалған мәмілелер саны күрт азайған