Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

30.06.2026 17:35
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің биыл мамыр айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ықпалдастықтың барлық бағытына айтарлықтай серпін бергенін атап өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Ақорданың баспасөз қызметі мәлім еткендей, екі ел үкіметтері аталған келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асырып жатыр.

Әңгімелесу барысында шілде айының соңында Омбы қаласында ұйымдастырылатын ХХІІ Қазақстан — Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

"Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Президенттер жұмыс барысында тұрақты байланыста болуға келісті", — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Жаңа Конституция және Құрылтай: Қазақстан мемлекеттігінің жаңа тарихи кезеңі бастау алды