Мемлекет басшысы Ұлттық цифрлық мұра қорын құру бастамасын қолдады

Ақорда
Ақорда

Үлттық құрылтайдв мемлекеттік рәміздерді қадірлеуге қатысты да сөз қозғалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сыр өңірінде Ұлттық құрылтайдың бесінші басқосуы өтті. Қоғам мен биліктің арасында алтын арқау болған алқалы жиында елдің еңсесін тіктейтін, ертеңін айқындайтын өзекті мәселелер қозғалды. Панельдік секцияларда қалың ойдың қазанында қайнаған екі жүзге жуық ұсыныс ортаға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құрылтай жиыны аяқталды. Бүгінгі үлкен мінберде бес құрылтай мүшесі елдік мүддені ту еткен ұсынысын айтты. Әр сөздің салмағы бар, әр пікірдің артында халықтың үні тұр. Маңызы айрықша жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыр өңірінің әлеуметтік-мәдени, экономикалық һәм рухани ахуалына арнайы тоқталды. Қызылорданың даму қарқынына оң баға беріп, өңірдің өрлеу жолындағы еңбегін атап өтті. Былтыр аймақтың ішкі жалпы өнімі 6,5 пайызға өскен. Үш жылда облысқа 2 трлн теңге инвестиция тартылған. Президент құнды жәдігерлеріміз бен ұлттық дәстүрлеріміз ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік жәдігерлер тізімінде болуға әбден лайық екенін атап өтті.

«Бірпалаталы парламент емес, «Құрылтай» деп аталатынын жеткізді. Онда 145 адам сайланатынын, мүше болатынын айтты. Онда үлкен мәселелерді бұрынғыдай біреуі заңды қабылдап, екіншісі бекіту емес сол жерде шешіледі. 8 комитет жұмыс істейтінін айтты. Сондықтан бұл өте тиімді шешім.  Ал кіші Аралды қалпына келтірудің екінші этапы жобалық-сметалық құжаты жасалып жатыр. Соны тезірек іске асырылатынын жеткізді», – деді Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Жорабек Нұрымбетов.

Ұлттық цифрлық мұра қорын құру бастамасын қолдады. Сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді қадірлеуге қатысты да сөз қозғады. Бұл мәселе арнайы нормалармен және ережелермен реттелетінін жеткізді.

 «Архивтерді, мұраларды цифрландыру өте керемет. Қазақ халқында мол тарихи мұра бар. Бірақ оны тек біз білеміз ғой. Ал цифрландырсақ, бүкіл әлем көреді. Екінші мәселе, бұл – жастарға да, мектеп, университет, колледж – барлығына керек дүние. Ол бүлінбейді, сақталады. Оның рөлі өте жоғары деп санау керек», – деді Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университетінің докторанты Бақытжан Ахметбек.

Тағы бір маңызды мәселе Абайдың қара сөздерін ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізуіміз керек», - деді. Былтыр экономикамыз 6,5%-ға өсті.  Еліміздің ішкі жалпы өнімі 300 млрд доллардан асты. Ал жан басына шаққандағы үлесі тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет 15 мың доллар болды. Бұл бүкіл Орталық Азия аймағы бойынша рекордтық көрсеткіш. Бұдан өзге Президент Қазақстанның халық кеңесін құруды ұсынды. Бұл кеңес беруші орган ретінде қызмет етпек

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров