Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды
Мемлекет басшысы жоғары білім туралы халықаралық конвенцияны ратификациялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Мемлекет басшысы «Жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Оқи отырыңыз: Президент: Еліміз Қазақстан – Түрікменстан – Ауғанстан – Пәкістан дәлізін дамытуға үлес қосуға дайын