ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ертең, яғни 7 тамызда мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы аяқталды.
Күні кеше ғана мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы аяқталды. Сәйкесінше, сіздер тағатсыздана күткен мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі ертең, яғни 7 тамыз жарияланатындығын қуана хабарлаймын.
Сондықтан біздің ресми ақпарат көздерінен (SayasatNurbek, ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі) бақылап отыруларыңызды сұраймын!
Қадірменді көпшілік, биыл елімізде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аталып жатқандығы баршаңызға мәлім. Баршаңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, ғылымды сүюге, білімге құштар болуға шақырамын! Кемеңгер ойдың кемесі – Абайды тануға үндей отырып, бұл челленджді әріптестеріме, барлық талапкер мен ғылым сүйер жастарға жолдаймын!- деп жазды Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Оқи отырыңыз: Қырғызстанда 2 170 студент оқудан шығарылды