Қазақстан Дүниежүзілік спорт ойындары-2025 додасына қатысады

06.08.2025 21:00

Аталған дода Олимпиада бағдарламасына енбейтін спорт түрлері бойынша өткізіледі

Аlmaty.tv

7–17 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында кезекті The World Games – Дүниежүзілік спорт ойындары өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған дода Олимпиада бағдарламасына енбейтін спорт түрлері бойынша өткізіледі. Биылғы ойындарға 118 елден 5000-ға жуық спортшы қатысады. Жарыс бағдарламасына 34 спорт түрі мен 60-тан астам жарыс түрі енгізілген.

«Әлемдік дода қарсаңында Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев пен ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Есет Байтасов спортшылар қалашығына барып, Қазақстан құрамасымен кездесті», - деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Кездесу барысында спортшылардың тұру жағдайы мен жарыстарға дайындығына қатысты бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.

Айта кетейік, Чэнду–2025 Дүниежүзілік ойындарында Қазақстан намысын 30-дан астам спортшы қорғайды. Олар джиу-джитсу, каратэ, самбо, муай-тай, акробатикалық гимнастика, спорттық құзға өрмелеу, садақ ату және у-шу сынды спорт түрлерінен бақ сынайды. Жалпы, бұл ойындарға 114 елден 4 000-нан астам спортшы қатысады.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық теннисші Болгариядағы турнирдің жеңімпазы атанды