Мемлекеттік рәміздер күні: Алматыда флешмоб өтті

Іс-шарада 250 адам бір мезетте еліміздің әнұранын орындап, патриоттық рухты дәріптеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры аумағында Мемлекеттік рәміздер күніне орай ауқымды флешмоб ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілішісі.

Іс-шарада 250 адам бір мезетте еліміздің әнұранын орындап, патриоттық рухты дәріптеді. Алмалы ауданы әкімдігінің мұрындық болуымен өткен бастамаға мұғалімдер, белсенді жастар, полиция қызметкерлері және әкімдік өкілдері қатысты.

«Алматы қаласы бойынша ұжымдар әрбір мектептен жиналып, рәміздер күніне орай флэшмоб ұйымдастырып жатырмыз.Көңіл-күйіміз жақсы», – деді № 96 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Арайлым Дәуленқызы.

«Барлық қазақстандықтарды бүгінгі рәміздер күнімен шын жүректен  құттықтаймын. Және әрбір рәмізіміз үшін қазақстандықтарды жалпы осы үшін патриоттық сезім оянсын деген сезіммен жиналып жатырмыз деп ойлаймын», – деді № 96 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Рима Пәрменбекова.

   Сонымен қатар аудандағы қонақ үйлердің бірінде егемендік пен елдіктің басты нышандарының бірі – Мемлекеттік Ту ілінді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай патриоттық жобалар жыл сайын түрлі форматта өткізіліп келеді.

«Шараны еліміздегі жастарды қоғамды патриоттық сезімге және отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырып жатырмыз. Барша қазақстандықтарды рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз және әрқашанда бейбіт заман болсын!» – деді Алмалы аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас инспекторы Аслан Тұрлығазы.

  Оқи отырыңыз: Павлодарда жемқорлыққа қатысты қос департамент басшысы сотталды

Новости партнеров