Мемлекеттік сатып алу туралы заң шағымдарды үш есеге азайтты

Hamed Taha/unsplash.com/
Hamed Taha/unsplash.com/

Қаржы министрі Мәди Тәкиев Үкімет отырысында жарты жылдағы негізгі нәтижелерді айтып берді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл 1 қаңтарда «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң күшіне еніп, отандық өндірушілерді қолдау шаралары іске қосылған еді. Қаржы министрі Мәди Тәкиев Үкімет отырысында жарты жылдағы негізгі нәтижелерді айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Өткен жылмен салыстыратын болсақ, біріншіден, шарттар сомасының көлемі 2 есеге өсті. Екіншіден, берілген шағымдар үш есе азайды. Үшіншіден, отандық тауар өндірушілерден сатып алу сомасы 2,5 есеге, жасалған келісімшарттар саны 43%, өсті. Сондай-қ сатып алу мерзімдері 3-6 есеге қысқарды", − дейді Қаржы министрі.

Айта кетсек, бүгін Үкіметте биылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралып жатыр.

Оқи отырыңыз: Абай облысын қолдау керек — Премьер-министр

Новости партнеров