Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру тәртібі жеңілдетілді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Тиісті бұйрық 2025 жылдың 19 желтоқсанынан бастап күшіне енді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіруге бағытталған электронды дүкен қызметін жақсарту бойынша шаралар қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Сатыпалым процесінде барлығына тең мүмкіндік беру мен тауарларды қымбат бағамен сатып алуды тежеу үшін міндетті түрде алдын ала тапсырысты ресімдеу тәртібі қарастырылған.

Бұдан бөлек түрлі тауарларды біріктірілген лотқа қосудың алдын алған нақты жағдайлар байқалған. Тапсырысты рәсімдеудің әр нұсқасы бойынша қажетті іс-қимылдың нақты тәртібі бар.

«Осы ретте жұмыстан тыс (түнгі) уақытта тапсырысты рәсімдеуге жол бермес үшін аталған процесс сағат 08.00-20.00 дейін жүзеге асырылады», - делінген министрлік хабарламасында.

Тиісті бұйрық 2025 жылдың 19 желтоқсанынан бастап күшіне енді.

Бұл өзгерістер ашықтықты арттырып, процестің барлық қатысушысына түсінікті жүйені құруды көздейді.

Оқи отырыңыз: Президент Инклюзивті спорт орталығын аралап көрді

Новости партнеров