Президент Инклюзивті спорт орталығын аралап көрді

Ақорда
Ақорда

Астанада мүмкіндігі шектеулі 42 мыңға жуық азамат тұрады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Инклюзивті спорт орталығының қызметімен танысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv. Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл еліміздегі мүгедектігі бар адамдарға арналған спорттық, медициналық, оңалту және білім беру инфрақұрылымын біріктірген алғашқы кешен.

Астанада мүмкіндігі шектеулі 42 мыңға жуық азамат тұрады. Олардың басым көпшілігі – балалар, жастар мен еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Олар орталықта спортпен тұрақты түрде шұғылданып, оңалту курсынан өте алады. Осылайша, әлеуметтік ортаға бой үйретеді.

Мекемеде көп функционалды спорт залы, реабилитация блогы, 15 медициналық кабинет, конференц-зал, сондай-ақ алты бөлмелі қонақ үй секторы қарастырылған. Мұнда оқу-жаттығу жиыны, жарыстар мен білім беру бағдарламалары кезінде параспортшылар жайғасады.

Орталықта спорттың 12 бейімделген түрінен жаттығу жүргізіледі.

Спорт және білім салаларында мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін маман даярлауға айрықша мән беріледі.

Оқи отырыңыз: Президент New Generation School Astana ғимаратына барды

Новости партнеров