Мен алматылықпын: әлеуметтік жобалардың маңызы талқыланды

Іс-шара Қоғамдық даму орталығының бастамасымен өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Мен алматылықпын» жобасы аясында Қоғамдық даму орталығының бастамасымен кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға Алматы азаматтық альянсының төрағасы Қайыржан Саясатұлы қатысып, «Әлеуметтік жобалар – ортақ игілік үшін» тақырыбында баяндама жасады. Жүздесуде кәсіппен айналысатын алматылықтардың тәжірибесі мен олардың қоғам өміріндегі рөлі сөз болды. Сондай-ақ Қайыржан Әбдіхалықов әлеуметтік бастамалардың қаладағы өзекті мәселелерді шешудегі және осал топтарға қолдау көрсетудегі ықпалын түсіндірді.

«Үкіметтік емес ұйымдар көптеген бағыт бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыруда.  «Бақытты отбасы», «Іскерлі жастар» орталықтары бар. Мақсаты –отбасыларға, әйелдерге, балаларға, жастарға көмек және ақыл кеңес беру. Бүгінгі шарада жалпылама мен ойымды жеткіземін», – деді қалалық азаматтық альянсының төрағасы Қайыржан Әбдіхалықов.

Оқи отырыңыз: Алматыда "Халық қатысатын бюджет" жобасына өтінім қабылдау басталады

Новости партнеров