Менің саяси қағидаттарыма қайшы – Президент парламенттік реформаға қатысты сыбысты жоққа шығарды

05.01.2026 13:21

Сұхбат барысында Мемлекет басшысы биыл саяси тұрғыдан алғанда қандай жыл болатынына тоқталды

Almaty.tv

Биыл Қазақстанның ұзақ жылдарға арналған бағыт-бағдары айқындалатын жыл болады. Бұл туралы «Turkistan» газетіне сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Мемлекет басшысы билік транзиті туралы сөз қозғауға әлі ерте, алдымызда табанды жұмысқа толы бірнеше жыл бар", - деді Президент.

Сұхбат барысында Мемлекет басшысы биыл саяси тұрғыдан алғанда қандай жыл болатынына тоқталды.

"Қазірдің өзінде нақты айта аламын: биыл ел тағдырына тікелей әсер ететін, Қазақстанның ұзақ жылдарға арналған бағыт-бағдары айқындалатын жыл болады. Мен конституциялық реформаға қатысты референдум өтетінін алдын ала айттым. Қазір сарапшылар тобымен бірге Ата заңымыздың редакциясына қатысты ұсыныстарды қарап жатырмын. Жоспарланған өзгерістер өте көп, бәрі тұтаса келгенде жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасаймыз деуге болады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Жүздеген шақырымдық инженерлік желілер мен электр қуаты желілері салынады – Президент