Ми қайнатар ыстық: жедел жәрдемге түсетін шақыртулар саны екі есе өсті

31.07.2026 21:41

Дәрігерлер тұрғындарға қажеттілік болмаса далаға шықпауға кеңес береді

Атырауда аптап ыстықтан жедел жәрдем қызметіне тәулігіне мыңнан аса шақырту түскен. Синоптиктер мұндай жағдай әлі 2-3 күн сақталатынын айтып отыр. Қала тұрғындары мен қонақтары саябақтар мен субұрқақтарды паналануға мәжбүр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. 

 +50+52 градусқа дейін жеткен ыстықтан қаланың жедел жәрдем қызметкерлері шақыртуларға үлгермей жатыр. Өйткені соңғы 2 аптада дәрігерлердің көмегіне жүгінетіндер саны 2 есеге өсіпті. Дәрігерлердің айтуынша, әдетте тәулігіне 800 шақырту түссе, қазір 1000-ға жеткен. Жедел жәрдем көмегіне көбінесе жасы 70-тен астан зейнеткерлер жүгініп жатыр.

«Күн ыстық, шақыртулар өте көп. Кептеліс кезінде көбейіп кетеді. Барынша уақытылы жетуге тырысамыз. Қан қысымы көтерілген егде адамдар көп», – деді фельдшер Еламан Құрмет.

 Тұрғындар аптап ыстықтан салқындатқыш қосып, шама-шарқы келгенше қорғанып жатыр. Далаға шықпауға тырысады. Ал көшеде жүруге тура келсе қаладағы субұрқақтарды сая етіп жүреді.

«Далаға шаруамен шығамыз. Қан қысымым көтерліп кетті, өте ыстық. Жедел жәрдем көмегіне жүгіндім. Үйде отырған дұрыс, дәрігерлер кеңесін, күннен қорғану тетіктерін айтып жатыр», – деді қала тұрғыны Аюп Қударов.

Синоптиктердің мәліметінше, қапырық ыстықтың беті алдағы аптады қайтады. Бірақ бұл тек болжам ғана. Сондықтан дәрігерлер тұрғындарға қажеттілік болмаса далаға шықпауға кеңес береді.

«1-8 тамыз аралығында Атырау облысы аймағында атмосфералық қуаттылық аймағы байқалады. Яғни 2-3 тамыз арағында облыс солтүстік оңтүстігінде шығысында жаңбыр жауып найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін. Жел оңтүстік шығыстан кейін солтүстік бағытқа ауысады. Күндіз солтүстікте 30+35 градус қатты ыстық аралығы сақталады», – деді синоптик Бақытгүл Қажанова.

 Ми қайнатар ыстықтан қорғанудың бір ғана жолы үйден шықпау. Қазір қала көшелерінде қызметкерлер арнайы техника көмегімен жолдарға су шашып жатыр.

Оқи отырыңыз: Аптап пен аяздағы адал еңбек: шойын жолдың қауіпсіздігіне кім жауапты