Миландағы Олимпиада: бүгін Михаил Шайдоров еркін бағдарламада өнер көрсетеді

ҚР Туризм және спорт министрлігі
ҚР Туризм және спорт министрлігі

Министрлік қазақстандықтарды отандасымызға бірге қолдау білдіруге шақырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Милан Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан ел намысын қорғап жатқан Михаил Шайдоров бүгін еркін бағдарламада өнер көрсетеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, ол қысқа бағдарламада жеке шеберлігі мен мұз үстіндегі ерекше қимылының арқасында көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Тіпті франциялық комментаторлар да жерлесіміздің өнеріне жоғары баға беріп, оның техникалық дайындығы мен орындау мәнерін ерекше атап өтті.

"Халықаралық аренада ел абыройын асқақтатып жүрген спортшымызға бүгінгі шешуші сында да сәтті өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз.
Отандасымызға бірге қолдау білдірейік!", - дейді министрлік өкілдері. 

Айта кетейік, Михаил Шайдоров қысқа бағдарламадан кейін 92,94 ұпаймен 5-орында тұр.

Оқи отырыңыз: Үш қазақстандық могулшы қысқы Олимпиаданың финалына өтті

Новости партнеров