Міржақып оқулары: Алматыда мұғалімдер арасында байқау өтті

26.11.2025 14:10

Іс-шара Міржақып Дулатовтың мәдени мұрасын дәріптеп қана қоймай, мүғалімдер арасында тәжірибе алмасуға бағытталды

Алматыда ұлт қайраткерінің мерейтойына орай «Міржақып оқулары» атты шығармашылық байқау өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сайыс Алмалы ауданының ұстаздары арасында ұйымдастырылған. Іс-шара Міржақып Дулатовтың мәдени мұрасын дәріптеп қана қоймай, мүғалімдер арасында тәжірибе алмасуға бағытталды. Байқаудың өтуіне мұрындық болған аудандық білім бөлімі «дода ғылыми ізденісте жүрген педагогтер үшін мол мүмкіндік» дейді.

Айта кетейік, іс-шара ақынның есімі берілген мектепте ұйымдастырылды.

«Аудан көлемінде  мұғалімдер, оқушылар арасында айлық барысында бірнеше іс-шара ұйымдастырдық. Байқауға ауданымыздың 30 мектебінен 28 үміткеріміз қатысуда. Одан бөлек, оқушыларымыз да өз бағын сынап жатыр», – деді М. Дулатов атындағы № 136 мектеп-гимназиясының директоры Талғар Төреқұлов.

Оқи отырыңыз: Астанада эпидахуал әлі тұрақсыз