Мөлдір өлең: Алматыда ұлттық поэзиялық жоба басталды

Шамамен 4 айға жалғасатын жобаның бас жүлдесі 3 миллион теңге 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Мөлдір өлең» ұлттық поэзиялық жобасы басталды.  Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен алғаш рет ұйымдастырылған рухани додаға еліміздің 20 аймағынан 60 ақын қатысып жатыр. Алғашқы кезеңде Павлодар мен Қарағанды облыстарының үміткерлері өзара бақ сынасты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Шамамен 4 айға жалғасатын жобаның бас жүлдесі 3 миллион теңге мен арнайы «Мөлдір өлең» статуэткасы. Ұйымдастырушылар бұл бастама арқылы қазақ поэзиясын кеңінен насихаттап, жас ақындарға қолдау көрсетуді көздеп отыр. Жоба көрерменге ашық форматта ұсынылып, поэзиялық дода тікелей эфирде ресми YouTube арнасы арқылы көрсетіледі.

«Басты мақсаты – поэзияның құдіретін халыққа жеткізу, басқа өнер саласы сияқты насихатталуы. Бұл – халық арасында таралуына жасалған қадамдардың бірі. Бүгінгі ұйымдастыру да сондай керемет. Аура да, жырсүйер қауымның қабылдауы, қарсы алуы, сахна, ұйымдастырылу бәрі поэзияға сай. Мөлдірлік бар, тазалық бар», – деді  ақын Ерлан Аманқожа.

Оқи отырыңыз: Келешек мектептерінде «12 айда 12 кітап» жобасы басталады

Новости партнеров