Муфаса. Арыстан патша: Алматыда анимациялық фильмнің жабық көрсетілімі өтті

18.12.2024 21:01

Мультфильм қазақ тіліне дубляждалған

Алматыда қазақ тіліне дубляждалған Disney киностудиясының "Муфаса. Арыстан патша” анимациялық фильмінің жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Туынды араға 30 жыл салып жаңа нұсқада қалың көпшілікке қайта оралып отыр. Бұл – биыл қазақ тіліне аударылған Диснейдің үшінші жобасы. Шытырман оқиғаға толы кинокартинаны дыбыстауға еліміздің танымал әншілері мен театр актерлары қатысқан. Режиссердың айтуынша, дыбыстау процесі оңайға соқпаған.

"Музыкалық тұрғыдан ең күрделі материалдар ретінде есептеледі. Осы жылы жобаларды қаржыландырғаның арқасында қазақ тілді көрермендер, бүлдіршіндер сапалы контентті ел қатарлы, барлық елдермен көре алады", – деді дубляж режиссері Шах-Мұрат Ордабаев.

Биыл қазақ тіліне дыбысталған премьералар рекордтық көрсеткішке жеткен. Бұл мемлекеттік  тілдің кең таралуына ықпал етуде. Жаңа фильм желісі кішкентай Муфасаның қиын тағдырын баяндайды. Сондай-ақ көрермендер сүйікті кейіпкерлері – Тимон және Пумбамен қайта қауышады. Шиеленіске толы фильм ертеңнен бастап қазақ және орыс тілдерінде үлкен экраннан көрсетіледі деп жоспарлануда.

"Диснейдің басты рөлін алғаным тәжірибемде бірінші рет болып жатыр.  Кастингке шақырып, жазып көрдік. Дыбыстап. Одан кейін тексеріп, дауысымызды қабылдап, осы рөлге бекітті. Кейіпкерді маған дыбыстау былайша айтқанда қиынға соқпады. Мінез жағынан да,  табиғаты да келетін болғандықтан, жақсы дыбыстап шықтым деп ойлаймын", – деді дубляж актеры Ерасыл Мұхамадиев.

Оқи отырыңыз: Алматыға 2 миллионға жуық саяхатшы келген