Мүгедектігі бар адамдар күні: Алматыда 35 балаға ақшалай сертификат табысталды

03.12.2025 21:23

Қалада 58 мың 304 адам мүгедек статусын алған

Бүгін – халықаралық мүгедектігі бар адамдар күні. Айтулы датаға орай қаладағы «Парасат» әлеуметтік қызмет орталығы 35 балаға ақшалай сертификат табысталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайырымдылық шарасы корей компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған. Бастама ерекше балалардың білім алу мүмкіндігін кеңейтуге және олардың негізгі қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Айта кетейік, Алматыда 58 мың 304 адам мүгедек статусын алған. Оның 10 мыңнан астамы бала.

«Іс шара мүгедектігі бар жандардың  мүддесін қорғау, қолдау, отбасына көмек, жанашырлық таныту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Орталықта 340 бала, 120 бала жартылай стационарлық үлгіде, қалған 140-қа жуық бала үйде әлеуметтік қызмет алады», – деді  «Парасат» әлеуметтік қызмет орталығының директоры Нұрғайым Дүйсенбаева.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде жасөспірім анасын өлтірді деген күдікке ілінді