Ал пышақ жарақатын алған 71 жастағы қария ауруханаға жеткізілді
Ақтөбеде пышақ жарақатынан көз жұмған 41 жастағы әйелдің денесі өз пәтерінен табылды. Күдікті ретінде марқұмның 16 жастағы ұлы ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
«Диапазон» басылымының жазуынша, оқиға орнына келген полицейлер әйелдің зорлықпен өлтірілген денесін тапқан.
Ал пышақ жарақатын алған 71 жастағы қария ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде қарт әйелдің жағдайы тұрақты, травматология бөлімінде ем алып жатыр.
Әйелді өлтірді деген күдікпен оның 16 жастағы жасөспірім баласы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол өз кінәсін мойындаған. Қылмысқа қатысты іс қозғалды.
Ақтөбе облыстық ПД аталған деректі растады. Ал Балалар құқығын қорғау басқармасының басшысы Әліби Латыптың айтуынша, күдікті – толық отбасынан шыққан, оқу үлгерімі жақсы, бірақ мінезі тұйық болған.
«Білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Ата-аналардан баласының мінезіндегі кез келген өзгерісті бақылауда ұстауды сұраймыз», – деді ол.
Оқи отырыңыз: Ақтауда жас жігіттің мәйіті табылды