Мұндай құралдар мүгедектігі бар адамдардың күнделікті өмірдегі дербестігін арттыруға бағытталған
Мүгедектігі бар адамдардың күнделікті өмірде барынша дербес болуына оңалтудың техникалық құралдары көмектеседі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, мұндай құралдар адамның жүріп-тұруына, қарым-қатынас жасауына және ақпарат алуына мүмкіндік береді. Олар жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасы негізінде тегін беріледі.
Министрліктің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы сегіз айында еліміз бойынша мүгедектігі бар адамдарды техникалық қосалқы құралдармен және қызметтермен қамтамасыз ету бағытында 415 мыңнан астам іс-шара жүзеге асырылған.
Қандай оңалту құралдары ұсынылады?
Оңалтудың техникалық құралдары адамның ағза функцияларының бұзылуын өтеуге немесе қалпына келтіруге бағытталған арнайы құрылғылар мен аспаптарды қамтиды.
Олардың негізгі түрлеріне мыналар жатады:
Оңалту құралдары не үшін қажет?
Мұндай құралдар мүгедектігі бар адамдардың күнделікті өмірдегі дербестігін арттыруға бағытталған. Олар адамның өздігінен жүріп-тұруына, басқа адамдармен қарым-қатынас жасауына және ақпаратқа қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Оңалтудың техникалық құралдары жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасына сәйкес тегін ұсынылады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, бұл бағытта оңалту құралдарының қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз: "Ұлттық мәдениетіміздің айрықша арнасы": Арман Қырықбаев Қазақ киносы күнімен құттықтады