Мұқағали Мақатаев - 95: Алматыда ақш шығармашылығына арналған көрме ашылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қазақ поэзиясының ақиығы Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған тағылымды рухани кеш өтті. Орталық мұражайда ақын жыры жаңғырып, музей төріне бұрын-соңды көпшілік көре бермеген құнды мұралар қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әдеби-сазды кешке оның ұрпақтары мен қаламдастары жиналып, естелік айтты. Ақынның Қарасаздағы әдеби-мемориалды музей қорынан әкелінген көшпелі көрмеде 50-ге жуық экспонат қойылды. Онда сирек фотосуреттер, қолжазбалар, кітаптар мен жеке заттар бар. Көпшіліктің назарына түскен ерекше жәдігер — ақынның өзі тұтынған жеке портфелі. Басқосуда Мұқағали өлеңдері оқылып, әнге айналған жырлары шырқалып, әдеби-сазды композициялар ұсынылды.

«Жылдағы жай туған күннің өзі үлкен сұранысқа, халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп, жан-жақтан шақырту алып жатамыз. Ал биыл 95 жылдық аясында оның сыртында атамыздың халықаралық қорының 20 жылдық мерейтойы сәйкес келіп отыр», – деді М. Мақатаевтың келіні Бақытгүл Айдарова.

«Мұқағали Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейінен ақын атамыздың тұтынған заттары, киген киімдері, жазған жыр-жинақтарын арнайы алып келдік. Жалпы 50-дей экспонат көшпелі көрмеге әкелініп, көпшілік назарына ұсынылып отыр», – деді М. Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейінің меңгерушісі Ерлік Ахметов.

Оқи отырыңыз: Алматыда тәулік бойы 5 кітапхана жұмыс істейді

Новости партнеров